Инновация орталығы және AtyrauHub халықаралық акселераторы Petrocouncil.kz пен "Атамекен" ҚР ҰКП және "Kazenergy" қауымдастығы жанында мұнай-газ саласының стартап – жобаларының жыл сайынғы Atyrau Energy Challenge конкурсына қатысушыларды тіркеуді бастағанын хабарлайды. Ұсынылған мәселелерді шешуге қызығушылық танытқан кез-келген бағдарламашы немесе арнайы жасақталған топ конкурсқа қатысуға өтініш бере алады.
16 жастан асқан, бағдарламалау тілін білетін және берілген міндеттерді шеше алатындар ғана қатыса алады. Қатысушылардың келіп түскен өтінімдерін қарау және іріктеу үшін ТШО, ҚМГ, НКОК және ҚПО өкілдерінен, сондай-ақ басқа да компаниялардың салалық сарапшыларынан тұратын сараптамалық кеңес ұйымдастырылды.
Atyrau Energy Challenge финалы 27 ҚАРАШАДА VOGEC базасында 11: 00-ден 15: 30-ға дейін өтеді